Python тілінің басты ерекшеліктері

Қарапайым синтаксис

Python-ның синтаксисі ағылшын тіліне ұқсас, сондықтан оны үйрену оңай.

Кодтың оқылымдылығы

Көптеген басқа тілдермен салыстырғанда Python кодын оқу және түсіну оңай.

Көптеген кітапханалар

Python-да дайын кітапханалар көп, сондықтан күрделі есептерді оңай шешуге болады.

Жаңадан үйренушілерге қолайлы

Python-ды бірінші бағдарламалау тілі ретінде үйрену өте ыңғайлы.

Интерпретацияланатын тіл

Python кодын компиляциялаудың қажеті жоқ, интерпретатор оны жол-жолымен орындайды. Бұл бағдарламаны тез тестілеуге және жөндеуге мүмкіндік береді.

Объектке бағытталған және функционалды бағдарламалау

Python объектке бағытталған бағдарламалауды (OOP) қолдайды, сонымен қатар функционалды программалау элементтері бар.