Hello, world!

Hello, world! бағдарламалауда жиі қолданылатын фраза

Жаңа бағдарламалау тілін үйрену дәстүрлі түрде «Сәлем, әлем!» деп басталады. Бұл экранда сәлемдесуді көрсететін және сонымен бірге жаңа тілмен - оның синтаксисі мен бағдарлама құрылымымен таныстыратын қарапайым бағдарлама.
Бұл дәстүр қазірдің өзінде қырық жылдан асты, сондықтан оны бұзбаймыз. Бірінші сабақта программа жазамыз Hello, World!. Ол үшін компьютерге арнайы команда беру керек. Python-да бұл print().


Жаттығу №1.

Тапсырма белгісінен кодты редакторда таңба бойынша теріп, «Тексеру» түймесін басыңыз. -онлайн компилятор немесе QR-кодты сканерлеп жасап көріңіз.
print('Hello, World!')


Дескриптор

1. онлайн компиляторды қолданады;
2. print() функциясын қолданып, тексереді.

Жаттығу №2.
IDE-мен жұмыс жасау.

Өз компьютеріңнен Пуск → Все программы → Python 3.13.0 → IDLE (Python 3.13.0) батырмасын басып, тапсырманы жасап көріңіз.

print("Hello world!")
print('Hello world!')
print("2+3")
print(2+3)
print(4*5)
print(20/3)
print(20//3)
print(20%3)
print("*");
print ("*"*2);
print("*"*3)
print(50-20)
print("a"+"b")
print("aidana ","aruzhan ","madina ")
print(2020-1993,"zhastamyn")


print() функциясының негізгі параметрлері:

  1. мән: Экранға шығарылатын деректер (айнымалы, мәтін, сандар және т.б.).
  2. sep: Бірнеше мәнді бөлетін символ немесе мәтін. Әдепкі мәні – бос орын (' ').
  3. end: Басып шығарудың соңында қосылатын мән. Әдепкі мәні – жаңа жол ('\n').
  4. file: Нәтижені қайда жіберу керектігін анықтайды. Әдепкі мәні – экран (stdout).
  5. flush: Буферленген нәтижені дереу көрсету. Әдепкі мәні – False.

Түсініктемелер

Түсініктемелерді Python-да жазылған кодты түсіндіру үшін пайдалануға болады. Ол «#» немесе кодтың басына, аяғына үш апостроф «'''» қолданып, жазылған кодты жасырын қылуға болады.

Мысалы:

1. Жалпы синтаксис
Python-да түсініктеме жазу үшін # таңбасы қолданылады:
print( 'Hello, World!' ) #Шығару операторы

a) Бірнеше жолды # қолдану
# Бұл бірінші жол
# Бұл екінші жол
# Бұл үшінші жол

b) Қос тырнақшаларды (""") қолдану
Бұл тәсілде қос тырнақшалар ішіндегі мәтін түсініктеме ретінде қарастырылады:

"""Бұл көпжолды түсініктеме. Оны құжаттама үшін қолдануға болады."""

Ескерту: Қос тырнақшалар тек құжаттама үшін пайдаланылады, бірақ бұл тәсіл кодтың орындалуына әсер етпеуі үшін дұрыс қолданылуы керек.

Түсініктемелердің пайдасы:

  • Кодты оқуды жеңілдетеді.
  • Күрделі алгоритмдерге түсініктеме беруге мүмкіндік береді.
  • Бірлесе жұмыс істегенде командаластарыңызға кодты түсінуге көмектеседі.

Қорытынды

print() функциясы нәтижені шығару үшін пайдаланылады және оны экранға, файлға немесе басқа жерге бағыттауға болады.

Түсініктемелер – кодты түсіндіру мен құжаттау үшін маңызды құрал, олар бағдарламашыға кодты басқаруды жеңілдетеді.