
Codeforces.com-да тапсырма орындау
Бағдарламалау тілінде де математика пәніндегідей өрнектерді орындаудың өзіндік ережелері бар. Бағдарламалауда да амалдардың орындалу реттілігі математикадағы орындалу сияқты ретін сақтайды.
Мысал:
1) 2 + 3 * 4=20
2) 2 + 3 * 4=14 бұл мысалдағы екі өрнектің қайсысы дұрыс дейтін болсақ, әрине 2-ші өрнек дұрыс. Өйткені математикада 1-ші көбейту, 2-ші бөлу, 3-ші қосу, 4-ші азайту амалдары ретімен орындалады.
Python бағдарламасында арифметикалық өрнектердің орындалу реті бар.
1) Өрнектің ішінде жақша болса, 1-ші ішіндегі амалдар жақшаның ішінен бастап орындалады.
2) Өрнекте бірнеше жақша болуы мүмкін, ол кезде ішкі жақшадан бастап орындалады. Кейін тізбектей реттілікпен орындала береді.
Python-да айнымалыларға мәндерді меншіктеу үшін "=" операторын пайдаланамыз. Меншіктеу операторының оң жағындағы өрнек бағаланады, ал алынған мән меншіктеу операторының сол жағындағы айнымалыға меншіктеледі.
Әдетте, келесі салыстыру операторларының бірінің нәтижесі тексерілетін шарт ретінде пайдаланылады:
Мысалы, (x * x < 1000) шарты «x * x мәні 1000-нан аз» дегенді білдіреді, ал (2 * x != y) шарты «x-тің екі есе мәні y мәнге тең емес» дегенді білдіреді. Салыстыру операторлары төменгі кестеде көрсетілді
(Уақыты: 1 сек. Жад: 16 МБ Күрделілігі: 3%)
Енгізілген санның жұп екенін немесе тақ екенін анықтайтын программа жазыңыз.
(Уақыты: 1 сек. Жад: 16 МБ Күрделілігі: 3%)
Сайттарға тіркелу кезінде құпия сөзді екі рет енгізу қажет. Бұл қауіпсіздік үшін жасалады, өйткені бұл тәсіл қате мүмкіндігін азайтады. Құпия сөзді және оны растауды салыстыратын бағдарламаны жазу. Егер олар сәйкес келсе, бағдарлама «Құпия сөз қабылданды», әйтпесе «Құпия сөз қабылданбады» деп көрсетеді.
(Уақыты: 1 сек. Жад: 16 МБ Күрделілігі: 3%)
Сандармен жасалатын негізгі операциялардың бірі оларды салыстыру болып табылады. Сіз бұл әрекетті жақсы меңгергенсіз және кез келген сандарды, соның ішінде бүтін сандарды салыстыра аласыз деп күдіктенеміз. Бұл есепте екі бүтін санды салыстыру керек.
Арифметикалық операторлар есептеулер үшін пайдаланылады. Меншіктеу операторлары айнымалыларды жаңартуды жеңілдетеді.