
Codeforces.com-да тапсырма орындау
Шартты оператор дегеніміз белгілі бір шарттың орындалуы немесе орындалмауына тәуелді іс әрекет.
if операторы — берілген шарт дұрыс болса, белгілі бір код блоктарын орындауға мүмкіндік береді.
Шартты if-elif-else операторы (кейде тармақ операторы деп аталады) Python тіліндегі негізгі таңдау құралы болып табылады. Қарапайым тілмен айтқанда, ол шарт тексерілген кездегі айнымалылардың мәніне байланысты қандай әрекетті орындау керектігін таңдайды.
Ол белгілі бір шарт орындалғанда ғана код блогын орындау үшін қолданылады. Мысалы, Оқушыларға алған ұпайларына қарай әртүрлі бағалар қою керек делік.
Егер оқушы 90- нан жоғары балл жинаса , А бағасын қойыңыз
Егер оқушы 75- тен жоғары балл жинаса, В бағасын қойыңыз
Егер оқушы 65- тен жоғары балл жинаса , С бағасын қойыңыз
Бұл шартты тапсырмаларды if оператор арқылы орындауға болады.
Адам жасына қарап, оларды әлі мектепке бармаған, мектеп оқушысы, жұмысшы, зейнеткер деген төрт топтың біріне жатқызатын программа құрыңдар. Адам жасы пернетақтадан енгізіледі.
if операторы бір шартты тексереді және дұрыс болса, кодтың келесі бөлігін орындайды.
else операторы if шарты дұрыс болмаса, орындау үшін қолданылады.
elif операторы бірнеше шарттарды тексеруге мүмкіндік береді, әрі әрқайсысына сәйкес әрекет жасайды.