
Codeforces.com-да тапсырма орындау
«Алгоритм» ұғымының «Информатика» пәні үшін маңызы қандай?
«Сызықтық алгоритм» дегенді қалай түсінесің?
Сызықтық алгоритм- бұл есептеулер қатаң ретпен орындалатын алгоритм.
Қандайда бір программалау тілін үйрену үшін алдымен оның алфавитінен бастау алады. Әріптен сөз, сөздерден сөйлем қралатыны сияқты бағдарламалау тілінің де өзіндік алфавиті бар. Бағдарламалау тілін үйренген кезде алдымен оның командаларын жазу үшін қандай символдар қолдану керектігін анықтап алуымыз керек. Python бағдарламалау тілінің алфавиті төмендегідей.
Python тілінің алфавиті | Латын әріптерінің үлкен, кіші әріптері | A,B,……Z, және кіші a,b,…..я |
---|---|---|
Цифрлар | 0-9 ға дейін | |
Арнайы таңбалар | +, -, *, / т.б | |
Кілттік сөздер | for, if, class, def, input(), print() |
Python синтаксисі – код жазудың дұрыс пішімін анықтайтын Python бағдарламалау тіліндегі ережелер мен құрылымдардың жиынтығы. Бұл бағдарламашыларға бағдарламалар мен сценарийлерді жасау үшін Python тілін пайдалануға мүмкіндік беретін ережелер жиынтығы. Python синтаксисі қандай кілт сөздерді, операторларды, белгілерді және конструкцияларды қолдануға болатынын және оларды қандай ретпен орналастыру керектігін анықтайды.
Python синтаксисін білу бірнеше себептерге байланысты бағдарламашылар мен әзірлеушілер үшін өте маңызды.
Дұрыс синтаксис кодтың дұрыс орындалуын қамтамасыз етеді. Python синтаксисін сақтамасаңыз, аудармашы қателер жіберуі және кодыңызды дұрыс түсіндіре алмауы мүмкін.
Кодтың дұрыс пішімделуі мен құрылымы оны басқа әзірлеушілер үшін оқуға және түсінікті етеді. Бұл жобаларда бірлесіп жұмыс істегенде немесе басқа бағдарламашылармен кодты қарастырғанда өте маңызды.
Python синтаксисін білу тиімді және оңтайландырылған код жазуға мүмкіндік береді, бұл сіздің бағдарламаларыңыздың өнімділігі мен жауап беру қабілетін жақсартады.
Синтаксисті дұрыс қолдану кодтағы қателер мен кемшіліктерді болдырмауға көмектеседі, бұл бағдарламаны жөндеу және қолдау процесін жеңілдетеді.
Қосу | Азайту | Көбейту | Бөлу | Бүтін бөлігінің мәні | Қалдығының мәні |
---|---|---|---|---|---|
x+y | x-y | x*y | x/y | x//y | x%y |
input() функциясы бағдарламаға жолдық (string) деректерді енгізеді. Енгізілген жолдық типті санға түрлендіру үшін int(input()) түрде жазамыз.
Енгізу | Шығару |
---|---|
a = input() b = input() print(a + b) |
12345 |
1-ші мысалда жолдық тип болғасын бірінің артына бірін жалғап береді.
Енгізу | Шығару |
---|---|
a = int(input()) b = int(input()) print(a + b) |
357 |
2-ші мысалда арифметикалық қосылады.
Python тілі өзінің түсінікті алфавиті мен синтаксисінің арқасында оңай үйреніледі. Оның негізгі ерекшелігі – код блогын анықтау үшін ішке жылжыту (индентация) ережесін пайдалану. Python-ның алфавиті мен синтаксисін игеріп, оны кез келген жобада тиімді қолдануға болады.