Алаш партиясы — Ресей империясы мен Социалисттік Ресейдің қазақ партиясы болған. Партия Бірінші дүниежүзілік соғыстағы Ресейдің кризисін қолданып, 1917 жылдың сәуір айында қазақ съезінде партия қабылданып, сол жылдың шілдесінде партия құрылды. Партияның ең маңызды тұлғалары қазақ зиялылары болып, олар Ресей құрамында ұлттық мүддені көздейтін демократиялық құрылымды негізге алатын автономия құру мәселесін алға тартты. Ресей партияның жұмысына тыйым салып, ол 1920 жылда таралды.
Алаш партиясы тұңғыш жалпықазақ съезін шақыру туралы шешім 1917 жылғы сәуір айында өткен Торғай облыстық қазақ съезінде қабылданып, съезд оны даярлауды Әлихан Бөкейхан мен Ахмет Байтұрсынұлы бастаған бір топ қазақ зиялыларынан құрылған айрықша бюроға тапсырды.
1872 жылы 5 қыркүйекте Торғай уезі, Тосын болысы Ақкөл ауылында туған. Алаш қозғалысының көсемі. Үмбетей батырдың ұрпағы.1891 жылы Торғайдағы Ы.Алтынсарин ашқан 2 сыныптық орыс-қазақ училищесін, 1895 жылы Орынбор мұғалімдер мектебін бітірген.1895 жылдың маусымынан Ақтөбе уезі Бестамақ болысындағы Арынғазы мектебінде, 1896 жылдың көктемінен Қарабұтақ 2 сыныптық орыс-қазақ училищесінде мұғалім. 1897 жылдан Қостанай уезі Аманқарағай болысы 2-ші ауылындағы Әулиекөл болыстық мектебінің, Қостанай педагогикалық класының мұғалімі.
1902 жылдан бастап Омбыда, Ақмола, Семей облыстары халық мектептері директорының ісжүргізушісі, Қарқаралы орыс-қазақ училищесінің меңгерушісі. «Қарқаралы құзырхатын» ұйымдастырушылардың бірі. 1913 жылы Ә.Бөкейхан, М.Дулатовпен бірге «Қазақ» газетін ашып, сол арқылы Алаш қозғалысының идеяларын насихаттады. Патша жарлығына байланысты 1916 жылы тамызда Торғай, Орал, Ақмола, Жетісу облыстары өкілдерінің Орынбордағы кеңесін ұйымдастырушылардың бірі. Торғай облыстық І қазақ сиезін ұйымдастырушылардың бірі және осы сиезді ашқан. Торғай облыстық азаматтық, қазақ, Алаш комитеттерінің мүшесі. І жалпықазақ сиезінде Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылып, «Алаш» партиясының тізімі бойынша №1 Торғай округынан мүшелікке сайланған. І, ІІ жалпықазақ сиездерін ұйымдастырушылардың бірі. 1917 жылғы қарашада Орынборда құрылған «Алаш» партиясының Торғай облыстық комитеті төрағасының орынбасары болған. ІІ жалпықазақ сиезінде Алашорданың оқулық комиссиясының мүшесі.1918 жылы Алашорданың Торғай облыстық әскери кеңесінің мүшесі. 1918 жылдың жазында Алашорда делегациясын Қытайдың Шәуешек қаласына бастап барған. Кеңестік кезеңде 1919 жылы ұлттың болашағы үшін кеңестер жағына шығып, Қырғыз өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет төрағасының орынбасары болған. Аса ірі қайраткерлігі 1919-20 жылдары кеңестік билік көсемдерімен келіссөздер барысында ерекше байқалды. Келіссөздер нәтижесінде қазақ жерінің тұтастығын сақтауға, Қазақ Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасының құрылуына тарихи шешуші рөл атқарды. Кеңестік кезеңде Қазақ АКСР Халық ағарту комиссары, Академиялық орталықтың жетекшісі. Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы. 1921-29 жылдары Орынборда, Ташкентте, Алматыда оқытушылық қызмет атқарған. «Қырық мысал», «Маса» жинақтары, мақалалары қозғалыстың рухани-мәдени өрістеуіне зор ықпал етті. «Қырғыздар және революция», «Қазақ қалам қайраткерлері жайынан» мақалаларында большевиктік биліктің зорлықшыл, бейгуманистік әрекеттерін сынады. Көркем, ғылыми, публицистикалық,аударма еңбектердің авторы. Оқулықтары, оқу құралдары, ғылыми еңбектері арқылы жалпы ұлттық ғылымның қалыптасуына және қайраткерлігі арқылы Алаш қозғалысының тууына, өрістеуіне ұлттық, мемлекеттік сананың қалыптасуына ерекше тарихи шешуші ықпал жасады. 1929 жылдан қудаланып,1938 жылы қуғын-сүргін құрбаны. [5]