Қызылорда облысы Қазалы қаласындағы
Қалжан Нұрмаханов атындағы №95 мектептің
информатика пәні мұғалімі Баймаханов Қайрат Байзақұлына
«JoyClass бағдарламасын оқу үдерісінде қолдану тиімділігі»
атты ғылыми зерттеу жұмысына

Пікір

        «JoyClass бағдарламасын оқу үдерісінде қолдану тиімділігі» тақырыбын информатика пәні мұғалімі Баймаханов Қайрат 2017-2018 оқу жылдарынан зерттеп келіп, өзіндік қорытынды жасады. Халықтың ақылды машина мен ғаламторды меңгеруі жұмысты да жеңілдетеді. Алысқа бармай үйде отырып-ақ біраз шаруаны тындырасыз. Осыны ескерсек, нық сеніммен «Компьютер – біздің айнымас досымыз» деуімізге болады. Ғаламтор ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүргек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқын мен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол – ақпараттық технология саласы деп санар едім. Қазіргі заманның талабына сай компьютер қай салада болса да өзінің тиісті орнын алып тұр, сондықтан бұл жұмыстың өзектілігі мектеп мұғалімдерінің компьютерлерді электрондық оқу құралы ретінде қолдану туралы пікірлерін анықтау. Осы ғылыми жобаның тақырыбын ашу кезінде оқушы көптеген деректерге сүйенеді. Тақырып қарапайым түрде жазылып, толық ашылған. Оқушының жасаған жұмыс нәтижесі компьютер пайдаланушыларға қарапайым түрде маңызды және қажетті ақпарат береді.
        Бұл тақырып менің ойымша шексіз тақырып, өйткені ғылыми-техникалық прогресстің дамуы әсіресе компьютер саласында байқалады.
        Жеткерген Ерқұланның бұл ғылыми зерттеу жұмысы құнды еңбек ретінде әділ бағалануға жатады деп білемін.

Пікір жазған жетекшісі,
математика пәнінің мұғалімі: Ұ.Өтеулі

Математика пәнінің мұғалімі
Ұ.Өтеулінің пікірін растаймын.
№95 мектеп директоры: О. Маханбетов

Жоғары