«JoyClass» бағдарламасын үйренгеннен бері информатика пәніне деген көзқарасым түбегейлі өзгерді. Себебі, бұғанға дейін информатика пәнін қиын пәндердің тізіміне қосып келгенмін, енді оны өте қызықты пән деп есептеймін. Болашақта информатика пәнінен олимпиадаларға қатысамын деген ой түйдім. Болашақта информатика пәніне байланысты әртүрлі конкурстарға қатысамын деген ойдамын. Бұл тақырыптар күнделікті сабақтың жоспарына енгізілсе деген ұсыныс – тілегім де жоқ емес. Өзім келешекте «JoyClass» бағдарламасын пайдаланып әлі де талай тесттер құрастырғым келеді. Себебі, бұл білгендерімнің бәрін болашақта іні-қарындастарым жан-жақтан іздемей, күнделікті сабақта оқуы керек қой. Мектептегі информатиканы жақсы көретін балалардан осы арман-ойларым жайлы сұрастырғанда, олардың да осы тақырыптарға қатысты қызығушылықтары жоғары екені байқалды. Сөзімнің соңында «Жаралыс басы қозғалыс, Қозғауға керек қолғабыс» - деген Шәкәрім атамыз айтқандай, өзімізше қозғалыс бастадық деген ойдамыз. Ұсынысым: Қолғабыс білдіремін, пікір қосамын деуші кез келген адамды тыңдауға әзірміз. |