• КІРІСПЕ
  •     Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда да елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру еніп, көкейкесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім.
        Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Мектептің білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелілігі бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді. Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады:
    - оқу үрдісінде ақпараттың технологияларды пайдалануды іске асырудың жүйелі ғылыми-әдістемелік жолын анықтау;
    - оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемесін жасау;
    - мұғалімдердің ақпараттық технологияларды меңгеру және оқу үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби біліктеін жетілдіру;
    - мектептіңматериалдық-техникалықбазасыннығайту.
    Бүгінгітаңдамектептіңбілім беру жүйесінақпараттандыру, жаңа құрылғыларды оқу үрдісіне енгізужағдайындаөзіндікқайшылықтардың да орыналыпотырғанынайтуқажет.     Сондықтан білім беруді жаңа сатыға көтеру үшін тек білім мазмұны мен оқыту әдістерін ғана емес, ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану арқылы оқытуды ұйымдастыру формаларын да жетілдіру керек. Мұның өзі мынадай оқу-тәрбие міндеттерін шешуге көмектеседі:
        Ғылыми педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді және мектеп тәжірибесін оқып-үйрену мен талдау негізінде ақпараттық технологияларды мектептің оқу үрдісіне енгізу үшін кешенді ақпараттық білім беру жүйесін құру қажеттілігі туындады. Бұл жүйенің негізін ақпараттық технологиялар құрайды. Енді оқытудың ақпараттық технологияларының мәнін ашып көрсетейік.
    1. Компьютерлік және ақпараттық сауаттылық. Компьютерлік сауаттылыққа электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеу білігін жатқызуға болады. Ақпараттық сауаттылық ақпаратты алудың, қайта жасаудың, жеткізудің, сақтаудың және пайдаланудың негізгі ережелерін білуді көздейді.
    2. Оқу үрдісінде компьютерді, мұнда орнатылған түрлі қолданбалы бағдарламаларды, қосалқы құрылғыларды пайдалану оқушылардың өзіндік жұмыстарын ақпараттық-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге де елеулі өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.
    JoyClass - ағылшын тілінен аударғанда көңілді сынып деген мағынаны береді.
    JoyClass бағдарламасы компьютермен қарым - қатынас жасау үшін, арнайы тексеру үшін, оқушының әрекеттерін қашықтықтан (дистанциялық) басқару, білімін тексеріп, файлдар алмасу барысында оқу үдерісіне қажетті түрлі оқу материалдарды (мәтін, жазу-сызу, дыбыс, бейне) пайдалануда тиімді.
    JoyClass бағдарламасы интерфейс арқылы жұмыс барысында айрықша дағдыларды, интуициялық түсінікті сұрамайды.

    Жоғары